Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 65-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 4645 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің № 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. "Шу ауданында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 50-6 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2998 тiркелген, және аудандық "Шу өңірі" газетінде 2016 жылғы 20 наурызында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 сәуірінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Шу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шу ауданының мәслихатының
      сессия төрағасы Д. Ахметов
      Шу ауданының
      мәслихат хатшысы Е. Умралиев

  Шу аудандық мәслихатының
25 маусым 2020 жылғы
№65-2 шешіміне №1 қосымша

Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орын айқындалсын:

      Шу ауданы Төле би ауылдық округі, Төле би ауылындағы Сары Хасенов стадионы;

      2. Шу ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу келесі маршруты болып белгіленсін:

      Шу ауданы Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі бойындағы "Жастар аллеясынан" Абай көшесі қиылысына дейін.

      3. Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) Шу ауданының әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ, резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Шу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

  Шу аудандық мәслихатының
25 маусым 2020 жылғы
№65-2 шешіміне №2 қосымша

Бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


п/п

Арнайы орынның атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.

Сары Хасенов атындағы стадион

Жер учаскесінің көлемі 22110 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау камералары және бейне жазбалар орнатылған

1000 адам

2.

Шу ауданы Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі бойындағы "Жастар аллеясынан" Абай көшесі қиылысына дейін

Маршруттың ұзындығы 0,900 километр немесе 900 метр;
-маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейне жазбалар орнатылған

-

  Шу аудандық мәслихатының
25 маусым 2020 жылғы
№65-2 шешіміне №3 қосымша

Пикеттеуді өткізу тәртібі

      Ескерту. 3 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 05.03.2024 №17-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

      3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в Шуском районе

Решение Шуского районного маслихата Жамбылской области от 25 июня 2020 года № 65-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 26 июня 2020 года № 4645

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Шуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного наполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Шуском районе, согласно приложениям № 1, 2, 3 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Шуского районного маслихата от 18 февраля 2016 №50-6 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Шускому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №2998 и опубликовано в районной газете "Шуская долина" от 20 марта 2016 года, информационно-правовой системе "Әділет" от 5 апреля 2016 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат Шуского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальных органах юстиции;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Шуского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Шуского
      районного маслихата Д. Ахметов
      Секретарь Шуского
      районного маслихата Е. Умралиев

  Приложение №1 к решению
Шуского районного маслихата
от 25 июня 2020 года
№65-2

Специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного заполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Шуском районе

      1. Для организации и проведения собраний и митингов определить следующее специализированное место:

      село Толе би, стадион Сары Хасенова, расположенная по улице Б.Шолак.

      2. Для проведения шествий и демонстраций определить следующий специализированный маршрут:

      улица Балуан Шолак, село Толе би, от аллей Жастар до улицы Абая.

      3. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Шуском районе:

      1) при организации и проведении мирного собрания акиматом района создается постоянно действующий оперативный штаб для координации деятельности организаций, задействованных в организации и проведении мирного собрания. В состав оперативного штаба входят представители местной полицейской службы, органов гражданской защиты, организатор мирного собрания (далее - организатор). Оперативный штаб возглавляет уполномоченный представитель акима района;

      2) организатор размещает правила поведения участников, регламентирующие порядок организации и проведения мирного собрания в общедоступном для граждан месте, предусматривает меры, обеспечивающие охрану общественного порядка, безопасность участников, пожарную и санитарно-эпидемиологическую безопасность, оказание первой медицинской помощи при несчастных случаях и порядок эвакуации при возникновении чрезвычайных ситуаций;

      3) организатор совместно с местной полицейской службой определяет месторасположение служебного автотранспорта, пункта управления оперативного штаба местной полицейской службы и скорой помощи, а также стоянок резерва;

      4) местные службы полиции за двое суток до начала мирного собрания утверждают план размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности;

      5) организаторы и участники мирных собраний в Шуском районе обязаны строго соблюдать запреты и обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      4. Предельные нормы заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Шуском районе:

      а / в = с;

      а - площадь специальных мест для организации и проведения мирных собраний (в квадратных метрах);

      в – предельная норма на каждого гражданина, участвующего в мирных собраниях (1,5 квадратных метра);

      с - предельная норма заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний (предельное количество лиц, участвующих в мирном собрании).

      5. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Шуском районе определяются в соответствии с планом размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности, утверждаемым местной полицией при проведении каждого мирного собрания.

  Приложение №2 к решению
Шуского районного маслихата
от 25 июня 2020 года
№65-2

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний, шествий и демонстраций

№ п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Предельная наполняемость

1.

Стадион Сары Хасенова

Площадь земельного участка – 22110 квадратных метров;
- искусственное освещение;
- точка для подключения электроэнергии;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации

1000 человек

2.

улица Балуан Шолак, село Толе би, от аллей Жастар до улицы Абая

Протяженность маршрута составляет 0,900 километров или 900 метров;
- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
- камеры видеонаблюдения и видеофиксации

-

  Приложение №3 к решению
Шуского районного маслихата
от 25 июня 2020 года
№65-2

ПРАВИЛА проведения пикетирования

      Сноска. Приложение 3 с изменениями, внесенными решением Шуского районного маслихата Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 05.03.2024 № 17-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Пикетирование – присутствие одного гражданина Республики Казахстан в определенном месте в определенное время с целью публичного выражения мнения по общественно значимым вопросам и/или действиям/бездействию лиц и/или органов, организаций.

      Проведение пикетирования запрещается:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

      Допускается:

      1) проведение только одним гражданином ив статичной форме (без передвижения);

      2) использование плакатов, транспарантов и иные средств наглядной агитации;

      3) пикетирование не более двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта (за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний).

      Не допускается:

      1) проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний;

      2) использование звукоусиливающих средств;

      3) проведение пикетирования на расстоянии 800 метров прилегающих территорий объектов, у которых запрещено проведение пикетирования.