"Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №65-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 17-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 5162-08 болып тіркелді

      Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №65-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4645 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Шу аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының
      мәслихат төрағасы Ж. Абенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады