Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 41/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 5933 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің осы қаулысының қосымшасына сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 41/04
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізімі

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/08 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3414 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 8 қазанында № 139 (21890) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 8 қазанында № 160-161 (22043) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      2. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуіріндегі № 26/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 8 маусымында, 2016 жылдың 7 маусымында № 71 (22016) "Индустриальная Караганда", 2016 жылдың 7 маусымында № 90 (22195) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      3. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 39/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 11 тамызында, 2016 жылдың 28 шілдесінде № 97 (22042) "Индустриальная Караганда", 2016 жылдың 28 шілдесінде № 118-119 (22224) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      4. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 83/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 17 қаңтарында электрондық түрде, 2017 жылдың 10 қаңтарында, №3 (22116) "Индустриальная Караганда", 2017 жылдың 10 қаңтарында №3 (22310) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      5. "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №83/05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 22 қаңтарында электрондық түрде, 2018 жылдың 20 қаңтарында № 8 (22267) "Индустриальная Караганда", 2018 жылдың 20 қаңтарында № 8 (22460) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      6. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылдың 23 мамырдағы № 31/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5366 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 5 маусымында электрондық түрде, 2019 жылдың 6 маусымында № 60 (22464) "Индустриальная Караганда", 2019 жылдың 6 маусымында № 60 (22656) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады