Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидаларын, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 41/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 5940 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы", "Қарағанды облысының экономика басқармасы", "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 3 шілдесі
№ 41/02
қаулысына қосымша

Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлеу мөлшері

1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлеу мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшерінің тәртібін айқындайды.

      2. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақ Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне (бұдан әрі – педагог) меншік нысанына және ведомствоға бағыныстылығына қарамастан, кемінде он бес жыл педагогикалық өтілі, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін беріледі.

      3. Педагогтердің кәсіби қызметтегі жетістіктері мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

      1) педагогтің кәсіби құзыреттілігі (инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар);

      2) педагогтің өңірлердегі білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау);

      3) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен тәрбиеленушілердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);

      4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, ведомстволық облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдар).

      4. Қарағанды облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін педагогқа осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес жергілікті ерекшелік белгісі – "Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) беріледі. Төсбелгілермен бірге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес комиссия төрағасы қол қойған нысан бойынша тиісті куәлік беріледі.

2–тарау. Төсбелгі мен құрметті атақты беру тәртібі

      5. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы ұсынысты "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – білім басқармасы) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және білім басқармасының бейіндік бөлімдерінің басшыларымен "Мұғалім күні" кәсіби мерекені тойлағанға дейін, 2 айдан кешіктірмей жібереді. Педагогтарға төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстар осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ресімделеді. Білім басқармасының кадр қызметі педагогтарға төсбелгі және құрметті атақты беру туралы келіп түскен ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізеді.

      6. Қарағанды облысы әкімінің өкімімен төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстарды қарастыру үшін Комиссия құрылады. Комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсынысты қанағаттандыру;

      2) төсбелгі мен құрметті атақ беру жөніндегі ұсынысты қабылдамау;

      3) төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсынысты материалдарды қосымша ресімдеу үшін кері қайтару.

      Педагогтарды көтермелеу түрлерін есепке алуды білім басқармасының кадр қызметі жүзеге асырады. Төсбелгісін және құрметті атақ беру кезінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес рәсімделген нысан бойынша хаттама рәсімделеді.

      Төсбелгі мен құрметті атақ (бұдан әрі – Атақ) берілуі мүмкін емес:

      1) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

      2) сот арқылы іс-әрекетке қабылетсіз немесе іс-әрекетке қабылеті шектеулі деп танылған тұлғаларға.

      Төсбелгі және құрметті атақтан төменде көрсетілген жағдайдайларда айрылады:

      1) педагог беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылғанда;

      2) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негіз болып табылғанда.

      Төсбелгіден және құрметті атақтан айыру, оларды марапаттау сияқты тәртіппен жүргізіледі.

      7. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру қорытындысы бойынша қабылдайды және хаттама толтырады, жылына бір рет "Мұғалім күні" кәсіби мерекеге орай жүзеге асырылады.

      Педагогқа төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Педагогтарға төсбелгі мен құрметті атақ, сондай-ақ куәліктерді табыстау салтанатты түрде Қарағанды облысының әкімімен немесе оның орынбасарларымен жүргізіледі.

3 –тарау. Біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері

      8. "Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" төсбелгісіне және құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 400 (төртжүз) еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

4–тарау. Қорытынды ережелер

      9. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын қайтадан беруге жол берілмейді.

      10. Жоғалған, бүлінген жағдайда, жергілікті ерекшелік белгінің телнұсқалары және оның құжаттары адамның өтініші және жеке куәлігінің көшірмелері бойынша берілуі мүмкін.

  Қарағанды облысы білім беру
ұйымдарының педагогтеріне
жергілікті ерекшелік белгісі
және құрметті атағын беру
қағидаларына, олардың
сипаттамасы және біржолғы
сыйақы төлеу мөлшеріне
1-қосымша

"Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" төсбелгісінің сипаттамасы

      Төсбелгі көлемі 25х15 миллиметр көгілдір муар лентамен көмкерілген планкаға сақинамен бекітілген, диаметрі 30 миллиметр және қалыңдығы 2 миллиметр шеңберді құрайды.

      Төсбелгінің ортасында педагогтың таланты мен даналығын, білімі мен мәдениетін білдіретін ашық кітап бейнеленген.

      Кітаптың жоғарғы жағында дән түріндегі сәулелерімен күн бейнеленген. Күн-жарық пен өмірдің негізгі көзі, ал сәулелер-амандықтың белгісі. Кітаптан төмен қарай оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың білім беру үдерісіндегі бірлігін бейнелейтін үшбұрыш орналасқан.

      Бет жағында солдан оңға қарай шеңбердің бойымен "Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" деген жазу орналасқан. Төсбелгінің сырт жағында реттік нөмірі бейнеленген. Төсбелгі алтын түстес металлдан дайындалады. Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіштің көмегімен бекітіледі.

     


  Қарағанды облысы білім беру
ұйымдарының педагогтеріне
жергілікті ерекшелік белгісі
және құрметті атағын беру
қағидаларына, олардың
сипаттамасы және біржолғы
сыйақы төлеу мөлшеріне
2-қосымша

"Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы" төсбелгісіне қоса берілетін куәлік сипаттамасы

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көгілдір түсті жиналмалы кітапша түрінде жасалады.

      КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ деген бет жағында жазуы ортада тұрады. Ішкі сол жақ жапсырмада төсбелгісінің үлгісі бейнеленген. Ішкі оң жақ жапсырмада жазулар бар: Жоғарыда

      ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

      №____Куәлік

      Марапатталушы_______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы

      Комиссия төрағасы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ________________________________________________

      (тағайындалған күні, айы, жылы) (Мөрдің орны)

  Қарағанды облысы білім беру
ұйымдарының педагогтеріне
жергілікті ерекшелік белгісі
және құрметті атағын беру
қағидаларына, олардың
сипаттамасы және біржолғы
сыйақы төлеу мөлшеріне
3-қосымша

Төсбелгі және құрметті атақ беруге ұсыныс

      ____________________________________________________________________

      ( облысы, ауданы) ____________________________________________________________________

      1. Тегі, аты-жөні ____________________________________________ ____________________________________________________________________

      2. Туған жылы _____________________________________________________

      (күні, жылы)

      3. Туған жері ____________________________________________________

      (республикасы, облысы, қаласы, ауданы, ауылы) ____________________________________________________________________

      4. Ұлты ____________________________________________________

      5. Жынысы______________________________________________________

      6. Білімі _______________________________________________________

      (оқу орны, аяқтаған жылы)

      7. Мамандығы ______________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы______________________________________ ____________________________________________________________________

      9. Жұмыс орны және лауазымы ________________________________ ____________________________________________________________________

      10. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталды жәнемарапатталу мерзімі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

      11. Мекенжайы __________________________________________________ ____________________________________________________________________

      12. Жалпы еңбек өтілі_______________________________________________

      13. Осы саладағы жұмыс өтілі___________________________________________

      14. Қазіргі ұжымдағы еңбек өтілі ___________________________

      15. Марапаттауға ұсынушының нақты еңбегі көрсетілген мінездеме ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

      16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (хаттама № ______ "____"__________________20____жыл)___________________________________

      ______________________________ төсбелгі және құрметті атақ беруге ұсынылады

      Басшы_______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      "____" _____________ ________ жылы (Мөрдің орны)

  Қарағанды облысы білім беру
ұйымдарының педагогтеріне
жергілікті ерекшелік белгісі
және құрметті атағын беру
қағидаларына, олардың
сипаттамасы және біржолғы
сыйақы төлеу мөлшеріне
4-қосымша

Төсбелгісі мен құрметті атақ беру хаттамасы

      ____________________________________________________________________ (облыстың, қаланың атауы, мерзімі, айы, табыстау жылы) Мен,______________________________________________________________, (Комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қарағанды облысы әкімдігінің _______________2020 жылғы № ______қаулысымен бекітілген Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атағын беру қағидаларына, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің атынан_____________________ _______________________________________________________табыстадым.

      (марапаттаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)

      Комиссия төрағасы ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Комиссия хатшысы: _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Таныстым: Марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы:__________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады