Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 "Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5452 нөмерімен тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркүйектегі электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйегі № 60/01 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы "4" қыркүйектегі № 52/01 қаулысымен бекітілді |
Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыс аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
6) мамандандырылған ұйым - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен бекітілген, ұйым;
7) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілгенде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;
8) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
10) сауда объектiсi – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
11) кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері).
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
4. Комиссия төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
5. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
6. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
7. Комиссияның құрылуы мен жұмысын ұйымдастыруды Қарағанды облысының әкімдігі қамтамасыз етеді (облыс әкімдігі)
8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.
11. Мамандандырылған ұйым ай сайын айдың 10-күніне дейін Қағиданың 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес облыс әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.
12. Облыс әкімдігі ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы қағиданың 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес ақпарат ұсынады.
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
3-тарау. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
14. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
16. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
17. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.
18. Комиссия Қарағанды облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
19. Қарағанды облысының әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
20. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлардан) сатып алынады.
21. Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
22. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.
23. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
24. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
25. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
26. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
27. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
28. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыс әкімдігімен бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
29. Облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірлесіп халыққа бұқаралық ақпарат құралдары, облыс әкімдігінің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
30. Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады
31. Бағаны тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тіркелген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
32. Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындайды:
қолданыстағы сауда объектісінің (объектілердің) меншігінде не жалға алу құқығында (қарыз беру кезеңінде қолданылу мерзімімен) болуы);
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымы және/немесе қойма құрылыстары немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлары, материалдық-техникалық базасының болуы.
33. Кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдерді қабылдауды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін Комиссияның отырысына шығару үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жібереді.
34. Комиссияның хаттамасында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының тізбесі, бөлшек сауда субъектілері үшін – олар бойынша тіркелген бөлшек сауда бағалары, өндірушілер үшін-босату бағалары, қарыз сомасы және кәсіпкерлік субъектісі көрсетіледі.
35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.
36. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.
37. Жергілікті атқарушы органдар бөлетін, оның ішінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бұрын бөлінген ақша қаражаты қаржыландыру көзі болып табылады.
38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
39. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 1- қосымша Нысан |
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ Р/с | Азық-түлік тауарының атауы | Сатып алынғаны, барлығы | Соның ішінде осы өңірдің тауар өндірушілерінен сатып алынғаны | ||||
көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | барлығы, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | барлығы, мың теңге | ||
Бірінші басшысы
қолы Т.А.Ә.
М.О.
Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 2- қосымша Нысан |
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының болуы және сақталуы туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ п/п | Азық-түлік тауарының атауы | Қорлар 20 ___жылғы "____" ________ бойынша | Оның ішінде сақтауға | |||||
көлемі, тонна | сомасы, мың теңге | Өз қоймаларында | Басқа қоймаларда | |||||
көлемі, тонна | сомасы, мың теңге | көлемі, тонна | сомасы, мың теңге | 1 тоннаға қызмет көрсету Сомасы, мың теңге | ||||
Бірінші басшысы
қолы Т.А.Ә.
М.О.
Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 3- қосымша Нысан |
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын пайдалану туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ Р/с | Азық-түлік тауарының атауы | Өткізу көлемі | |||||||
барлығы | соның ішінде: | ||||||||
тауарлық интервенция жүргізу мақсатында | жаңарту мақсатында | ||||||||
көлемі, тонна | құны, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | құны, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | құны, мың теңге | ||
Бірінші басшысы:
қолы Т.А.Ә.
М.О.