Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 28/01 "2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 нөмерімен тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырдағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, 2020 жылғы 12 мамырдағы №100 (22696) "Орталық Қазақстан", 2020 жылғы 16 мамырдағы № 51 (22600) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 80/01 қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 28/01 қаулысына қосымша |
2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері
Р/с № | Субсидиялар көлемдері, мың теңге | |||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | екінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары | бірінші ұрпақ будандарының 1 егіс бірлігіне | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 679,0 | 294 649 | 326 864 | 2 500 | ||
Барлығы | 624 692 |