Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7/70 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/349 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 6089 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7/70 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қаңтарында "Северное Прибалхашье" №6 (1575), 2017 жылғы 25 қаңтарында "Балқаш өңірі" №9 (12546) газеттерінде, 2017 жылғы 03 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Григоренко
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады