Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымы № 410 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.12.2024 № 224 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атауы |
1 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4 | Толық емес отбасылар |
5 | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары |