Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5917 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 224 шешіміне қосымша |
|
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №410 шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4 | Толық емес отбасылар |
5 | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары |