"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 32/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 5976 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 41/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 07.10.2024 № 41/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидалары бекітілсін.

      2. "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Ю. Циолковскаяға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы
  әкімдігінің
  2020 жылғы 24 шілдесі
  № 32/01
  қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану қағидалары

      1. "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен марапаттау;

      4) ведомстволық наградалармен марапаттауды қоса алғанда, көтермелеудің өзге де нысандары.

      3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.

      4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленді.

      5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Шахтинск қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімінің негізінде жүргізіледі.

      6. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір рет ақшалай сыйлықпен марапатталады.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыларды төлеу Аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппараттың мемлекеттік қызметшілері Комиссия ұсынымдары негізінде Шахтинск қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      8. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппараттың мемлекеттік қызметшілері Шахтинск қаласы әкімінің грамотасымен марапатталады.

      9. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін Шахтинск қаласы әкімінің грамотасымен көтермелеуді есепке алуды Аппараттың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) көтермелеуді еңбек кітапшасында және мемлекеттік қызметшінің жеке іс қағазында тіркеумен жүргізеді.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа да нысандары қолданылады.

      11. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:

      1) алынбаған тәртіптік жазасы болса;

      2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеріс жүргізу кезінде;

      4) Аппаратта бір айдан аз жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады