Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және "ORDA-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ORDA-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы кен қазбаларын барлау үшін, жер және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауымен 6 (алты) жыл пайдалану мерзімімен Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округінің аумағынан жалпы көлемі 2400,0 жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |