Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Осакаровка" автоматтандырылған газ тарату станциясы орнату арқылы салынып жатқан "САРЫ-АРҚА" магистралды газ құбырынан (шартты диаметрі - 159 миллиметр) газ құбырының тармағын салу үшін және "Осакаровка" автоматтандырылған газ тарату станциясынан Осакаровка кентіне дейінгі желілік бөліктің ілеспе объектілерімен (10 киловольт әуе желілері, кірме жолдар және талшықты-оптикалық байланыс желісі) 1,2 мегапаскаль жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан ауданы 12,86 болатын жер учаскелерін алмай 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарағанды облысы Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын мәселелер бойынша шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 шілдесі № 42/01 қаулысына қосымша |
Объектілердің техникалық көрсеткіштері
№ | Атауы | Алаңы, гектар |
1 | "Осакаровка" автоматтандырылған газ тарату станциясына газ құбырының тармағы | 9,2595 |
2 | "Осакаровка" автоматтандырылған газ тарату станциясы және кірме жолы бар "Осакаровка" газ тарату пункті | 0,8567 |
3 | Жеткізуші газ құбыры | 2,1983 |
4 | Электр жеткізуші желілері әуе желілері-10 киловольт | 0,5414 |
БАРЛЫҒЫ: | 12,86 |