Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 19/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 5800 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Шет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А. Әбілдинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданы әкімі М. Мухтаров

  Шет ауданы әкімі
2020 жылғы 14 сәуірі
№ 19/01
қаулысына қосымша/

Шет ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Қызметкерлердің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі (%)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Сине Мидас Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

127

1

1

2

"Атамекен" шаруа қожалығы

5

20

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады