Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес заңды тұлғаларға жария сервитуты белгіленсін.
2. "Шет ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
3) осы қаулының қосымшасында көрсетілген заңды тұлғалармен жария сервитуты туралы шарттар жасасу.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданы әкімі | М. Мухтаров |
Шет ауданы әкімі 2020 жылғы 25 қарашасы № 71/01 қаулысына қосымша |
№ | Жария сервитутты алушы | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жалпы көлемі, га | Жария сервитутының мерзімі | Нысаналы мақсаты |
1 | "ТАУКЕН ТАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Шет ауданының Ақшатау кенті мен Кеншоқы ауылдық округінің жерлері | 5300,0 | 2025 жылдың 8 ақпанына дейін | Пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары |
2 | "QAZIRON" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Шет ауданының Шет ауылдық округі мен Шет ауылдық округінің Үңірек ауылы жерлері | 1363,23 | 2026 жылдың 1 маусымына дейін | Пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары |
3 | "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Шет ауданының Өспен ауылдық округі, Өспен ауылдық округінің Өспен және Айыржал ауылдары жерлері | 1821,5 | 2026 жылдың 1 маусымына дейін | Пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары |