"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 455 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 тамызда № 7611 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезекті
      47-сессиясының төрағасы А. Дауленбаев
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 24 тамызы № 455
шешіміне қосымша
  Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы 15 ақпандағы № 89
шешімімен бекітілген

Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

      1. Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету.

      2. Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу.

      3. Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      4. Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      5. Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      6. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      7. Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      8. Шиелі ауданы Алғабас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      9. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде "Таң бөбегі" 90 орындық балабақшаны ашу.

      10. Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу.

      11. Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      12. Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      13. Жаңақорған ауданы Өзкент ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      14. Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      15. Қызылорда қаласы Қараөзек ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      16. Қызылорда қаласы Белкөл кентінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      17. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      18. Қызылорда қаласындағы "Қызылорда қалалық білім бөлімінің Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі бу қазандығын қайта жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      19. Қызылорда облысының мектептеріне компьютерлік техниканы жеткізу және қызмет көрсету.

      20. Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      21. Шиелі ауданы Н. Бекежанов ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      22. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде "Рауан" инклюзивті балабақшасын ашу.

      23. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Көпбейінді облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында катетерлеу зертханасын құру және жұмысын қамтамасыз ету

      24. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында катетерлеу зертханасын құру және жұмысын қамтамасыз ету

      25. Шиелі ауданындағы индустриалдық аймаққа электр желісін тарту.

      26. Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінде спорттық кешенін жалға алу.

      27. Шиелі ауданы Бестам ауылдық округінде спорттық кешенін жалға алу.

      28. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде спорттық кешенін жалға алу.

      29. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      30. Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.

      31. Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және пайдалануға берілуі.

      32. Арал қаласындағы "Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арал аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      33. Арал қаласындағы "Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жарасқан Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 220 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      34. Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шиелі кенті әкімі аппаратының "Арман мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      35. Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 270 Ғафур Мұхамеджанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің"№ 47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ескі) мен "Шиелі аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      36. Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу.

      37. Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту.

      38. Шиелі ауданының индустриалдық аймағына темір жол тарту.

      39. Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және пайдалануға берілуі.

      40. Қызылорда қаласындағы "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      41. Арал қаласындағы "Қызылорда облысының білім басқармасының "Арал индустриалды-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      42. Арал қаласындағы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық филиалы мен Айтеке би кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      43. "Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Қызылорда облысының білім басқармасының "Облыстық балалар оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      44. Шиелі кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шиелі аудандық филиалының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      45. "Қызылорда облысының білім басқармасының "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимаратының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      46. Жаңақорған кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақорған ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған аудандық филиалының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету.

      47. Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінде 150 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы және пайдалануға берілуі.

      48. Қызылорда қаласының қоғамдық көліктерінде электрондық билет жүйесін орнату.

      49. Арал ауданы Октябрь ауылдық округі Шижаға ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      50. Шиелі ауданы Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      51. Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округі Тартоғай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      52. Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі Әбділда Тәжібаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      53. Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық округі Ортақшыл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      54. Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округі Жаңарық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.

      55. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық онкология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностикаға арналған жабдықты сатып алу және орнату.

      56. Қызылорда қаласында колледждердің студенттерін жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету.

      57. Қызылорда қаласында 400 орынға арналған студенттік жатақхананың құрылысы және пайдалануға берілуі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады