"Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы №315-58/4 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 328-59/11 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 мамырда № 7422 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 тамыздағы № 354-63/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 05.08.2020 № 354-63/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 315-58/4 (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7332 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 04 сәуірде жарияланған) шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған шешiммен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 500 000 теңге, қосымша 500 000 теңге мөлшерiнде бiржолғы төлем;";

      7-тармақ 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "АИТВ - инфекция" диагнозы бар диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен артық емес.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХХХХХІХ
сессиясының төрағасы
М. Каримбаев
      Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БУХАНОВА
      "КЕЛIСIЛДI"
"Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiмен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады