"2020-2022 жылдарға арналған Басықара ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №357 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 386 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 7294 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Басықара ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 357 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7096 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Басықара ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 112816 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1742 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 111074 мың теңге;

      2) шығындар – 112816 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.".

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 4355 мың теңге.".

      2-тармақ жаңа мазмұндағы 2), 3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2) білім беру 2887 мың теңге;

      3) мәдениет саласы 800 мың теңге.".

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) мәдениет саласы 1457 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс LIII сессиясының төрағасы
Ғ. ӘЛІШ
      Қазалы аудандық
мәслихат хатшысы
К. НАЗЫМБЕКОВ

  Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 наурызы №386 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №357 шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Басықара ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

112816

1



Салықтық түсімдер

1742


04


Меншiкке салынатын салықтар

1742



1

Мүлiкке салынатын салықтар

14



3

Жер салығы

45



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1683

4



Трансферттердің түсімдері

111074


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

111074



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

111074

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

112816

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

37124


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

37124



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

36769



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

355

4



Бiлiм беру

53116


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

53116



041

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

53116

7



Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық

6090


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

6090



008

Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру

3560



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

500



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

2030

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

16486


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

16486



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

16486




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржыактивтері мен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады