“2020 – 2022 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 66-7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7804 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      “Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “2020 – 2022 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7152 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 14 қаңтарда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      “1. 2020 – 2022 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 67 151 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1598 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 30 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

      трансферттер түсімдері – 65 523 мың теңге;

      2) шығындар – 68 468,7 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

      қарыздар түсімі – 0;

      қарыздарды өтеу – 0;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1317,7 мың теңге.”.

      Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Жалағаш аудандық мәслихатының 66-сессиясының төрағасы К. Сулейменов
      Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы М. Еспанов

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 қарашасы
  № 66-7 шешіміне қосымша
  Жалағаш аудандық мәслихатының
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 51-7 шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




Кірістер

67 151

1



Салықтық түсiмдер

1 598


01


Табыс салығы

185



2

Жеке табыс салығы

185


04


Меншiкке салынатын салықтар

1413



1

Мүлiкке салынатын салықтар

27



3

Жер салығы

65



4

Көлiк кұралдарына салынатын салық

1321

2



Салықтық емес түсiмдер

30


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

30



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

30

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0


01


Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

0



1

Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

0

4



Трансферттердің түсімдері

65 523


02


Мемлекеттік басқарудың жоғарғы тұрған органдарынан түсетін трансферттер

65 523



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

65523

Функционалдық топ

Сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




Шығындар

68 468,7

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

27 275


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

27275



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

27275

06



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2 284


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2284



003

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

2284

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2 602,7


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2602,7



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1109,7



009

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

754



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

739

12



Көлік және коммуникация

5 000


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

5000



045

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

5000

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттык кеңістік

23 603


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

23603



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

23603

13



Басқалар

6 030


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

6030



040

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

6030

15



Трансферттер

1 674


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1674



051

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

1674




Бюджет тапшылығы (профициті)

0




Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

1 317,7


1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

1317,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады