“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес, Шалқия кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің Құттықожа ауылындағы "Үш бұлақ" көшесі "Мұратбай Көккөзов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 2 тармағы жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылдық округі әкімінің 27.05.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ауылдық округі әкімі | А. Сабырханов |