Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 22 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 ақпанда № 4135 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Т.Т. Асауов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аккуловке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С.Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 ақпандағы
  № 22 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2803 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 83 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3013 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 сәуірде  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 85 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3012 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 291 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3159 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 30 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 230 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3828 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 43 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 85 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3835 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады