Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 4137 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Х._Айтжан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 28 ақпандағы
  № 28 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2857 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 179 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3078 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 24 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 228 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4018 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 247 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 82 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын деп тану туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4045 болып тіркелді, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады