Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 45 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 наурызда № 4158 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (П.О. Сармурзина) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 наурызы
  № 45 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 207 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2808 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2828 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 178 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3089 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 324 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 207 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3195 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 208 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 207 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3430 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 209 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3432 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қырқүйектегі № 216 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Архивтік анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3710 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 244 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 238 "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4049 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады