Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 279 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қазанда № 4329 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 05-15-595 ақпараттық хатының негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі.ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ:

      1. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3568 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.";

      5 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.";

      8 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінде бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы сақталады.";

      15 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінде сақталады.";

      24 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";

      28 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";

      29 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі Комиссия төрағасымен келісім бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды оны өткізуге дейін жеті жұмыс күні бұрын хабарлауды қамтамасыз етеді.";

      34 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.";

      35 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.";

      36 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады.

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) осы Әдістеменің 5 қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.";

      40 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде таныстырады.";

      41 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған еркін түрде акт толтырылады.";

      42 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімімен бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісіне мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.".

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын,қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Бақытоваға.жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады