Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 41/414 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 4237 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 13/105 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 13/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-120 және 2020 жылғы 22 қаңтардағы 10-11-174 ұсынысы мен ақпараттық хатының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 тамыздағы "Қарақия" газетінде жарияланған):

      Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";

      7 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/285 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі "Қарақия" газетінде жарияланған):

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      17 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Қуандық).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Көшенов
      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы А. Мееров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады