Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 13/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 05-14-1616 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 тамыздағы "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
9 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"9. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы бар немесе үй-жайды жалға (жалдауға) немесе қосымша жалға беретін отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Үш жасқа дейінгі жастағы баланы тәрбиелеумен айналысатындарды, күтімді қажет ететін мүгедектерге күтім жасайтын адамдарды, сондай – ақ психикалық аурулардан зардап шеккендерді, емдеу мекемелерінде есепте тұрғандарды және дәрігерлік – кеңестік комиссияның еңбекке уақытша жарамсыздық туралы қорытындысы барларды қоспағанда, егер отбасы мүшелерінің (азаматтардың) арасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке қабілетті адамдар болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі ұсынылмайды.";
14 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"14. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша тізімнің негізінде ай сайын қызмет жеткізушілермен тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасына екі данада салыстыру актісі жасалады.";
мемлекеттік тілдегі 15 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.
3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Дусупов |
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мееров |