Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Маңғыстау аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Қалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Кушмаганбетов |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 3 сәуірі № 76 | |
қаулысына қосымша |
Маңғыстау ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 28.12.2020 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
Балабақша (мемлекетті/жеке) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекетті/жеке) | Балабақша (мемлекеттік/жеке) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекеттік/жеке) | Балабақша (мемлекеттік/жеке) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекеттік/жеке) | |
1- ден 3-ке дейінгі топтар | 560/431 | 26/32 | 31810 | 31116/31810 | 13130 | 13130 |
4- тен 5-ке дейінгі топтар | 500/200 | 31810 | 13130 | |||
6-дан 7-ге дейінгі топтар | 500 | 31810 | 13130 | |||
Барлығы | 1560/631 | 26/32 | х | х | х | х |