"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2020 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың (органикалық қоспағанда) тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы" 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 161 қаулысына (2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9153 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
10 | Аммофос | N-10, P-46 | тонна | 62 500 |
N-12, P-52 | ||||
Жоғарғы және бірінші аммофос сорттары, 10-46 маркалы | N-10, P-46 | |||
Аммофос N-10, P-46 маркалы | N-10, P-46 | |||
Аммофос 10-46 маркалы | N-10, P-46 | |||
Аммофос N-12, P-52 маркалы | N-12, P-52 | |||
Аммофос 12:52 маркалы | N-12, P-52 | |||
Аммофос 12-52 маркалы | N-12, P-52 | |||
Аммофоc 12:52, маркасы SiB (модификацияланған минералды тыңайтқыш) | N-12, P-52 | |||
Түйіршіктелген моноаммонийфосфаты | ||||
10:46:0, 10:48:0 маркалы тыңайтқыш қоспалары (аммофос) | N-10, Р-46 |
";
мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 495, 496, 497, 498, 499, 500, 501, 502-жолдармен толықтырылсын:
"
495 | "Альфо-Гроу" BP минералды тыңайтқыштары: "Дәнді дақылдар" маркалы | N-4, MgO-5,0, SO3-1,0, B-0,07, Cu-2, Fe-0,5, Fe-0,002, Zn-1 | литр | 1000 |
496 | "Альфо-Гроу" BP минералды тыңайтқыштары: "Майлы дақылдар" маркалы | N-10, MgO-3,5, SO3-5,5, B-0,5, Mo-0,005, Mn-0,5, Zn-0,6, Cu-0,1, Fe-0,2 | литр | 1050 |
497 | "Альфо-Гроу" BP минералды тыңайтқыштары: "Бұршақ тұқымдастар" маркалы | N-4, MgO -5,0, SO3-1,0, N-0,5, Mo-0,003, Mn-0,6, Cu-0,2, Zn-0,3, Co-0,002, B-0,5, Fe-0,3 | литр | 1000 |
498 | "Альфо-Гроу" BP минералды тыңайтқыштары: "Бор" маркалы | N-36, B-11 | литр | 1050 |
499 | "Альфа Гроу Марганец" микротыңайтқыштары | N-4, Mn-6,0 | литр | 1000 |
500 | "Альфа Гроу Цинк" микротыңайтқыштары | N-3, Zn-6,0 | литр | 1000 |
501 | "Альфа Гроу Молибден" микротыңайтқыштары | N-4,5, Мо-3,0 | литр | 1000 |
502 | НЕРТУС АЗОМИКС 36 | N -36 | литр | 803,5 |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |