Әкімнің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1 "Қостанай қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қарашада № 9553 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қостанай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Қостанай қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешіміне (2020 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 1 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 1 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Ы. Алтынсарин көшесінен Тәуелсіздік көшесі бойымен (тақ жағы № 67-ден бастап № 87 аралығы) С. Баймағамбетов көшесіне дейін, С.Баймағамбетов көшесі бойымен (жұп жағы № 164) Әл-Фараби даңғылына дейін, Әл-Фараби даңғылы бойымен (тақ жағы № 91) О. Қозыбаев көшесіне дейін, О. Қозыбаев көшесі бойымен (жұп жағы) Л. Толстой көшесіне дейін, Л. Толстой көшесі бойымен (жұп жағы № 72) С. Баймағамбетов көшесіне дейін, С. Баймағамбетов көшесі бойымен (жұп жағы № 156-дан бастап № 162 аралығы) Павлов көшесіне дейін, Павлов көшесінің бойы, осы көшеде орналасқан үйлерді қоспай, кварталдың аумағы арқылы Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесі бойымен (жұп жағы) Ы. Алтынсарин көшесіне дейін, Ы. Алтынсарин көшесі бойымен (тақ жағы № 109-дан бастап № 117 аралығы) Тәуелсіздік көшесіне дейін.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 47, "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимараты".";

      № 10, № 12 сайлау учаскелері орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      № 16 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 16 сайлау учаскесі

      Шекараларында: 1 Май көшесінен Әл-Фараби даңғылы бойымен (жұп жағы № 98-ден бастап № 112 аралығы) Летунов көшесіне дейін, Летунов көшесі бойымен (жұп жағы) Тәуелсіздік көшесіне дейін, Тәуелсіздік көшесі бойымен (жұп жағы № 138-ден бастап № 142 аралығы) Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне дейін, Шайсұлтан Шаяхметов көшесі бойымен (жұп жағы № 90-нан бастап № 116 аралығы) Амангелді көшесіне дейін, Амангелді көшесі бойымен (тақ жағы № 135-тен бастап № 167А аралығы) 1 Май көшесіне дейін, 1 Май көшесі бойымен (тақ жағы № 139-дан бастап № 149 аралығы) квартал аумағы арқылы А. П. Чехов көшесіне дейін, А. П. Чехов көшесі бойымен (тақ жағы) Тәуелсіздік көшесіне дейін, Тәуелсіздік көшесі бойымен (тақ жағы № 113-тен бастап № 115 аралығы) 1 Май көшесіне дейін, 1 Май көшесі бойымен (жұп жағы) Әл-Фараби даңғылына дейін.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимараты".";

      № 17, № 18, № 22 сайлау учаскелері орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      № 37, № 41, № 42, № 43 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 37 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Воинов Интернационалистов көшесінен Абай даңғылы бойымен (тақ жағы № 33, № 35 аралығы) С. Баймағамбетов көшесіне дейін, С. Баймағамбетов көшесі бойымен (жұп жағы) Юрий Гагарин көшесіне дейін, Юрий Гагарин көшесі бойымен (тақ жағы № 1-ден бастап № 11 аралығы) Садовая көшесіне дейін, Садовая көшесі бойымен (тақ жағы № 55-тен бастап № 73 аралығы, жұп жағы № 98-ден бастап № 110/4 аралығы) квартал аумағына дейін, "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шекарасы бойымен, оның аумағын қоспағанда, С. Баймағамбетов көшесіне дейін, С. Баймағамбетов көшесі бойымен (жұп жағы № 8) Воинов Интернационалистов көшесіне дейін.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 35, "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты".";

      "№ 41 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Тобыл өзенінен Маяковский көшесіне дейін, Маяковский көшесі бойымен (тақ жағы № 97) квартал аумағы арқылы Абай даңғылына дейін, Абай даңғылы бойымен (жұп жағы № 28-ден бастап № 32 аралығы) № 23 мектеп аумағы шекарасының бойы, оның аумағын қоспағанда, Воинов Интернационалистов көшесіне дейін, Воинов Интернационалистов көшесі бойымен (жұп жағы № 2, № 2А) Тобыл өзеніне дейін, Наурыз шағын ауданы.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 28, "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғимараты".";

      "№ 42 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Воинов Интернационалистов көшесінен С. Баймағамбетов көшесі бойымен (тақ жағы № 1-ден бастап № 3Б аралығы) "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шекарасы бойымен, оның аумағын қоспағанда, Садовая көшесіне дейін, Садовая көшесі бойымен (тақ жағы № 79-дан бастап № 81 аралығы) шағын аудан аумағы арқылы Войнов Интернационалистов көшесіне дейін Воинов интернационалистов көшесі бойымен (жұп жағы № 10-нан бастап № 16 аралығы) С. Баймағамбетов көшесіне дейін.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, С. Баймағамбетов көшесі, 1, "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты".";

      "№ 43 сайлау учаскесі

      Шекараларында: "Қостанай-2" шағын ауданының аумағы.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, Белинский көшесі, 5, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 122 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты".";

      № 49 сайлау учаскесі орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      № 66, № 859 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 66 сайлау учаскесі

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, С. Баймағамбетов көшесі, 5, "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты".";

      "№ 859 сайлау учаскесі

      Шекараларында: "Қостанай - 2" шағын ауданының аумағы, Северо-западный шағын ауданының аумағы.

      Дауыс беру учаскесінің орналасқан жері: Қостанай қаласы, Белинский көшесі, 5, "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 122 негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты".".

      2. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Касимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады