Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2020 жылғы 8 шілдедегі № 325 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 9324 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 118 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 31.07.2024 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 шешіміне (2015 жылғы 8 мамырда "Торғай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және барлық мәтін бойынша "ережесін", "ережесі" сөздері "қағидасын", "қағидасы" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда Арқалық қаласының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кодоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап ұсынады, порталға өтініш берген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.";

      11 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының нормалары шегінде және шекті жол берілетін деңгейде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Сессия төрайымы А. Бекентай
      Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Г. Елтебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады