2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "MR mark" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Арқалық қаласының аумағында орналасқан жалпы аланы 170 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласының әкімі | К. Абишев |