2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 83 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 9021 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Исмагулов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 83 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 21.08.2020 № 258 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

1

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Дельфинчик" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

270

29979

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

2

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ивушка" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

222

35454

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

3

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Мұрагер" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

212

37229

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

30

39062

4

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балапан" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

155

33476

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

5

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Улыбка" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

222

36071

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

6

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Нұрлы Жол" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

207

36884

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

7

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Болашақ" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

210

30832

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550

8

Лисаков қаласы

180 орынға арналған "Балақай" бөбекжай-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

33119

3 жасқа дейін – 9350
3 жастан бастап – 11550


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады