Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 9152 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 01-23/93 ұсынысы негізінде Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Шилі ауылында орналасқан Жансадыров Талғат Турсыновичтің жеке ауласы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сұлукөл ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 2 шешімі (2020 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8943 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сұлукөл ауылдық округінің әкімі К. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады