Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 6 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 желтоқсанда № 9606 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0512 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Әкім А. Сағынбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады