2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 36 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 9013 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Қарасу ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Ионенко

  Әкімдіктің
2020 жылғы 10 наурыздағы
№ 36 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Қарасу ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 11.06.2020 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Амангелді ауылы

"Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Болашақ" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

40

45435

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615

2

Восток ауылы

"Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақерке" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

37821

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615

3

Жалғызхан ауылы

Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Бөбек" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

40

46603

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615

4

Қарасу ауылы

"Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

155

32282

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615

5

Қарасу ауылы

Қарасу ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Нұр сәби" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

96

38709

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615

6

Октябрское ауылы

"Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының "Салтанат" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

98

49208

үш жасқа дейін - 6405
үш жастан бастап - 6615


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады