Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 233 "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 363 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 9143 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 наурыздағы № 233 шешіміне (2014 жылғы 15 мамырда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырып өзгермейді:

      "Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы П. Лебедев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Арыков

  Мәслихаттың
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 363 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 233 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Ұзынағаш ауылының тұрғындары үшін

91

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Байғожа ауылының тұрғындары үшін

9

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Құлшықай ауылының тұрғындары үшін

20

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Төлеңгүт ауылының тұрғындары үшін

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады