Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 182 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 345 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 9250 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкөл аудандық мәслихатының "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 25 маусымдағы № 182 шешіміне (2014 жылғы 14 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Б. Шокаева
      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

  Мәслихаттың
2020 жылғы "4" маусымдағы
№ 345 шешіміне
қосымша


  Мәслихаттың
2014 жылғы "25" маусымдағы
№ 182 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Севастополь ауылының тұрғындары үшін

8

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Дубинка ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Ленинградское ауылының тұрғындары үшін

8

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Вишневка ауылының тұрғындары үшін

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады