Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Таран ауданы Приозерное ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 шілдедегі № 221 (2014 жылғы 11 қыркүйекте "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5029 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Тугельбаев |
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |