Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 "Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 3 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6780 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 "Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 болып тіркелген, 2012 жылы 26 шілдеде "Сарыарка Самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасындағы "Качир" сөзі "Тереңкөл" сөзімен ауыстырылсын, "Лебяжі" сөзі "Аққулы" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков
      Сессия төрағасы,
      Павлодар облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Бексеитова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады