Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу туралы" № 258/9 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 61/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6784 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу туралы" № 258/9 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4761 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қ. Есімхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады