Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 231/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қарашада № 7031 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 30 қазаны
№ 231/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4581 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 153/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4582 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 363/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 366/13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4914 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 12/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4932 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      6. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 153/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 39/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 40/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5027 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Сарыарқа самалы" және "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      8. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 148/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 188/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      10. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 129/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 тамыздағы "Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жолдама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 261/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 385/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5734 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 384/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" № 181/6 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" № 383/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5739 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 153/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 14/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5841 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      16. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы "Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы № 181/6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 273/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 12/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 148/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      18. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы № 153/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 203/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6479 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      19. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 330/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6616 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      20. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 366/13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 329/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6622 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады