Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашасы № 255/5 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары
саласындағы күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 112/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4510 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 112/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 247/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 272/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5252 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 112/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 375/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5354 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы "Жер қатынастары мәселелері жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 2/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы "Жер қатынастары мәселелері жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 2/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 145/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6392 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).