Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қаңтардағы "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 71/13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 316/65 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 тамызда № 6916 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қаңтардағы "Ақтоғай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 71/13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы Т. Таскенов
      Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады