2021 жылға арналған Ақтоғай ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 249 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 7058 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2021 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі К. Арынов

  Павлодар облысы
Ақтоғай ауданы әкімідігінің
2020 жылғы 25 қарашасы
№ 249 қаулысына
1- қосымша

2021 жылға арналған Ақтоғай ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актогай-АГРО" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

240

1

2

2

"Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Ақтоғай-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

97

1

1

  Павлодар облысы
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ 249 қаулысына
2-қосымша

2021 жылға арналған Ақтоғай ауданының
ұйымдарында пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Актогай-АГРО" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

240

1

2

2

"Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің "Ақтоғай-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

97

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады