Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 6970 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-01/267 ұсынысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі Ақтоғай ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Б. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады