Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 02.02.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 2-01/212 ұсынысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Бакенбай учаскесінде орналасқан "Ернур" фермер қожалығының аумағында жылқының құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі | Б. Абдрахманов |