Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 09 маусымдағы № 2-19/116 ұсынысы негізінде, Торайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Ерлік" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы "Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Ерлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6715 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Торайғыр ауылдық округінің әкімі | А. Абраров |