Ескерту. Шешімнің тақырыбы жана редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 132/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 132/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық маслихатының сессия төрағасы | Е. Ракишев |
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |