Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6867 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ағашорын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының келесі көшелері:

      "Целинная" көшесі "Жеңіс" көшесі;

      "Почтовая" көшесі "Желтоқсан" көшесі;

      "Независимость" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ағашорын ауылдық округі әкімі Н. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады