Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қазандағы "2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 277/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 293/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 7006 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қазандағы "2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 277/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6579 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

      "1. 2020 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауданының әкімі Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады