Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауданының әкімі | Е. Айткенов |
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қарашасы № 305/1 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының
ұйымдарында бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасы
Р/с № | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Бас бостандығынан айыру босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 1 | 1 |
2 | "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 1 | 1 |
3 |
"Песчан жөндеу-механикалық зауыты" | 102 | 1 | 1 |